11:45, 13 Шілде 2010 | GMT +5
20-ға тарта азамат ҚР Бас прокурорының жеке қабылдауында болды
АСТАНА. Шілденің 13-і. ҚазАқпарат - Дүйсенбі, шілденің 12-сі күні 20-ға тарта азамат Қазақстан Республикасының Бас прокуроры Қайрат Мәмидің жеке қабылдауында болды,

деп хабарлайды Бас прокуратураның баспасөз қызметі.
Келушілердің айтқан негізгі шағымдары заңсыз түрде қылмыстық істің қозғалмауы, олардың туыс-туғандарының әділетсіз сотталуы, сот шешімдерінің заңсыз шығарылуы мен жекеменшігіне қатысты құқықтарының бұзылуы сияқты мәселелерге қатысты болды.
Қ.Мәмиге шағымын білдірген әрбір азаматтың мәселесі прокуратураның жауапты қызметкерлеріне жете түрде зерттелуге тапсырылып, заңдылық бұзылғандығы анықталса, бұзылған құқықты қалпына келтіру бойынша барлық шаралар қолданылып, кінәлі тұлғалардың жауапқа тартылуы жүктелді.