20 қаңтар. Туған күн иелері

ЕСІМДЕР
64 жыл бұрын (1959) генерал-майор, заң ғылымдарының докторы Қозы-Көрпеш Жапарханұлы КӘРБОЗОВ дүниеге келді.
Жамбыл облысы, Шу қаласында туған. С. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің заң факультетін (1981) заңгер-құқықтанушы мамандығы бойынша; КСРО Прокуратура институтының Харьков филиалын (1985); Мәскеу КСРО прокуратурасы басшы кадрларының біліктілігін жетілдіру институтын (1989); әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін «Қаржы және несие» мамандығы бойынша бітірген (2003).
Еңбек жолы: Жамбыл облысы Шу ауданы Атқарушы комитетінің жауапты хатшысы (1981-1982); Мойынқұм ауданы прокурорының көмекшісі (1982-1988); Жамбыл облысы прокуратурасы Тергеу басқармасының прокуроры (1986-1988); Қазақстан Республикасы прокуратурасы Тергеу басқармасының прокуроры (1988-1989); Қызылорда облыстық прокуратура тергеу бөлімінің бастығы, облыс прокурорының орынбасары (1989-1994); Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасы сот актілерінің заңдылығын қадағалау жөніндегі басқарма бастығы (1994); Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасы жанындағы мемлекеттік биліктің жоғары эшелондарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі арнайы прокурор (1994-1995); Ішкі істер министрлігі органдарында, Мемлекеттік тергеу комитеті мен анықтаудың жедел қызметтерін қадағалау жөніндегі басқарма, салық қызметі, Қаржы министрлігі және Қазақстан Республикасы Кеден комитеті, Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік тергеу комитеті Бас басқармасының бастығы (1995-1997); Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік тергеу комитеті Департаментінің бастығы (1997-1998); Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа және ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің бастығы (1998-2000); Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Тергеу департаментінің бастығы (2000-2003); Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары (2003-2007); Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің орынбасары – Кедендік бақылау комитетінің төрағасы (2003-2007); Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Шекаралық бақылау комитетінің вице-министр-төрағасы (2007-2011). Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі жанындағы Әскери-стратегиялық зерттеу орталығының президенті (2013 жылдан бері). «KMG-Security» ЖШС бас директоры (Басқарма төрағасы).
I және II дәрежелі «Даңқ» ордендерімен (2004,2009), медальдармен марапатталған.
Жоғары заңгерлік білімі бар.
Еңбек жолын заңгер мамандығы бойынша 1989 жылы Шұбартау аудандық нотариаттық кеңсесінің нотариусы лауазымынан бастаған. 1992-1996 жылдары Семей облысы Аягөз халық сотының атқарушылық және әкімшілік істер жөніндегі судьясы.
1996 жылдан бастап 1998 жылға дейін Шығыс Қазақстан облысы Шұбартау аудандық сотының төрағасы. 1998-2015 жылдары ШҚО сотының судьясы.
2015-2017 жылдары – Астана қаласы соты қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы.
2017 жылдан бастап қазіргі қызметінде.
58 жыл бұрын (1965) Павлодар облыстық Мемлекеттік архив жетекшісі Балғабай Жұмағұлұлы ИБРАЕВ дүниеге келді.
Павлодар педагогикалық институтын Биология және ауыл шаруашылық негіздері мамандығы бойынша (1990), Екібастұз инженерлік-техникалық институтын Өнеркәсіп жылу-энергетика мамандығы бойынша (2004), Еуразиялық Инновациялық университетінің Жергілікті мемлекеттік басқару мамандығын (2016) тәмәмдады.
Еңбек жолы: токарь (1981); жалпы орта білім беру мектебінде биология және мал шаруашылығы бойынша оқытушы (1990-1991); Ермак ГРЭС-те ұста (1991-1994); Ақсу қалалық әкімшілікте сәулет, қала құрылысы және коммуналдық-шаруашылық бөлімінде маман, Ақсу қала әкімінің аппаратында коммуналдық шаруашылық бойынша маман, әлеуметтік-өндірістік инфрақұрылымның коммуналдық-шаруашылық, сәулет және құрылыс бөлімінде бас маман, механик, «Металлург» пәтер меншігі бойынша кооперативінің төрағасы, қалалық коммуналдық-шаруашылық және өндіріс саласындағы басқармасының бастығы; Ақсу қалалық коммуналдық-шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бастығы (2005-2008); Ақсу қаласының «Горводоканал» коммуналдық кәсіпорын директоры (2008-2011); Ақсу қаласы әкімінің орынбасары (2011-2015); Шарбақты ауданының әкімі (2015-2018). 2018-2021 жылдары Ақсу қаласының әкімі.
Қазіргі қызметінде 2021 жылдың қаңтар айынан.
39 жыл бұрын (1984) «Қазхром» трансұлттық компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы Сергей Леонидович ПРОКОПЬЕВ дүниеге келді.
Жамбыл облысында туған. 2006 жылы Инновациялық Еуразиялық университетін «Қара және түсті металдар» мамандығы бойынша тәмамдады, Халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет Ресей академиясында МВА біліктілігі бойынша білімін арттырды (2012 жыл). ЕҮ бизнес академиясында білім алған.
Еңбек жолын Ақсу ферроқорытпа зауыты №1 балқыту цехының көрікшісі болып бастаған. Кейін аға шебер болып жұмыс істеді, №1 балқыту цехын басқарды, өндірістік-техникалық басқармаға жетекшілік етті, ал 2014 жылы Ақсу ферроқорытпа зауытының өндірісі жөніндегі техникалық директорының орынбасары, кейін Ақсу ферроқорытпа зауытының директоры болып қызмет етті (2014-2021). 2021-2022 ж. ж. «Қазхром» ТҰК» АҚ өндіріс жөніндегі вице-президенті.
Қазіргі қызметін 2022 жылдың қыркүйегінен бері атқарып келеді.
«Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталған (2015).