Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

20 қазан күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі 20 қазан күні Астанада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

маңызды шаралар
Фото: Фото: ҚазАқпарат

9.00-де WYNDHAM GARDEN қонақ үйінде «Клиникалық практикадағы зертханалық диагностиканың заманауи технологиялары: инновациялар мен перспективалар» атты ғылыми-практикалық конференция өтеді.

10.00-де Мәжілісте халықтың шамадан тыс кредит алуын азайту және қаржылық сауаттылықты арттыру туралы парламенттік тыңдау өтеді.

10.00-де Астана қаласы Коммуникациялар қызметінде «Жеке тұлғалардың банкроттық рәсімінің ерекшеліктері» туралы онлайн брифинг өтеді. Спикер: Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Берешектермен жұмыс басқармасының басшысы Исабек Зауытбекұлы. Онлайн баспасөз конференциясы Астана қаласы коммуникациялар қызметінің Facеbook-тегі facebook.com/rsk.astana01 ресми парақшасында тікелей эфирде өтеді.

11.00-де «EXPO» халықаралық көрме орталығында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің ұйымдастыруымен ТМД-ға мүше мемлекеттердің азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы ынтымақтастығы жөнінде министрліктер деңгейінде конференция өтеді.

11.00-де Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығында Республика күні қарсаңында «Шежірелі тарих белестері» атты ғылыми-танымдық дөңгелек үстел және «Қазақ елі менің отаным» атты көрме өтеді.

12.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «ҚР Мемлекеттік агенттігінің мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамалық бастамаларын іс жүзінде іске асыру туралы» баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер: ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары Азамат Жолманов. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz

12.00-де Астана қаласы Коммуникациялар қызметінде «Ulytau» этно-рок тобының 25 жылдығына концерт өткізу» туралы онлайн брифинг өтеді. Спикерлер: Қыдырәлі Болманов - продюсер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қарақат Әбілдина - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. Онлайн баспасөз-конференциясы Астана қаласы коммуникациялар қызметінің Facеbook-тегі facebook.com/rsk.astana01 ресми парақшасында тікелей эфирде өтеді.

15.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстандағы туризм саласының дамуы» жөнінде баспасөз мәслихаты өтеді. Спикер: ҚР Туризм және спорт вице-министрі Еркінбаев Ержан Мәлікұлы. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz

15.00-де "Астана" халықаралық қаржы орталығында БАҚ үшін брифинг өтеді, онда ҚР Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев министрліктің тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы жұмысы туралы баяндайды.

17.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстанның XI Азаматтық форумының қорытындылары туралы» баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер: ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қадыров Данияр Рамазанұлы; Қазақстанның Азаматтық Альянсы президенті Нұрғазиева Бану Ғаниқызы; Ұлытау облысының Азаматтық Альянсының президенті Асанханова Әсем Серікқызы. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz