20 қазан күні Астанада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

АСТАНА. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 20 қазан күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

20 қазан күні Астанада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

10.00-де ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысы басталады.

11.00-де Sheraton қонақ үйінде «Қазақстандағы тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес шығындарын талдау және бағалау» зерттеуінің алдын ала нәтижелері таныстырылады.

11.00-де Достық үйінде Астана қаласының қоғамдық кеңесі жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл комитетінің төрағасы мен мүшелерінің қатысуымен Астана қаласының көші-қон қызметі басқармасының қызметіндегі сыбайлас жемқорлық сын-қатерлерін сыртқы талдау қорытындылары бойынша кеңес өтеді.

14.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев «Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдаудағы тапсырмаларын іске асыру шаралары туралы» баспасөз мәслихатын өткізеді. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz.

16.00-де Астана қаласының мәслихатында Мәслихаттың бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтеді.

16.00-де ҚР Ұлттық музейінде Қазақстан Республикасы Көркем академиясының 15 жылдығына арналған «Ұлы дала сазы» көрмесінің ашылуы өтеді.

19.00-де Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрында Түркістан музыкалық драма театрының «Қорқыт туралы аңыз» қойылымы Астана қаласында өтетін Қазақстан драма театрларының XXVIIІ республикалық театр фестивалі аясында көрсетіледі.

19.00-де Жас көрермендердің музыкалық театрында «Махаббат бар ма?» лирикалық комедиясы қойылады.