20 қазан. Тұлғалар туған күн

Бүгін, 20 қазан күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

календарь
Фото: Kazinform

68 жыл бұрын (1955) қазақстандық дипломат, Қазақстан Республикасының Норвегия Корольдігіндегі бұрынғы Төтенше және Өкілетті Елшісі Қайрат Хуатұлы ӘБУСЕЙІТОВ дүниеге келді.
Алматы қаласында дүниеге келген. С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің тарих факультетін (1979), М.В. Ломоносов атындағы ММУ аспирантурасын (1986) бітірді. Алматы жоғары партия мектебінің доценті (1989-1992); І дәрежелі Төтенше және Өкілетті Елші (10.2005).
1985-1989 жылдары – ҚазМУ-дің ассистенті, аға оқытушысы, декан орынбасары. 1989-1992 жылдары – Алматы жоғары партия мектебінің, кейін Алматы политология және басқару институты әлемдік саясат және халықаралық қатынастар кафедрасының доценті. 1992-1993 жылдары – ҚР Президенті жанындағы Қазақ менеджмент, экономика және болжау институты Стратегиялық зерттеулер орталығы сыртқы саясат және ұлттық қауіпсіздік бойынша бағдарламасының басшысы. 1993-1996 жылдары – ҚР СІМ Орталық аппаратында жауапты дипломатиялық лауазымдарда қызмет атқарды. 1996-1998 жылдары – ҚР-дың АҚШ-тағы Елшілігінің кеңесшісі. 1998-1999 жылдары – ҚР СІМ Бірінші департамент директорының орынбасары, Бірінші департаменттің директоры, Жан жақты ынтымақтастық департаментінің директоры. 1999-2002 жылдары – ҚР Сыртқы істер вице-министрі. 2002-2004 жылдары – ҚР Сыртқы істер бірінші вице-министрі. 2004-2008 жылдары – ҚР Швейцар Конфедерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, ҚР Үкіметінің БҰҰ Бөлімшесі және Женева қаласында орналасқан басқа халықаралық ұйымдар жаңындағы тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы. 2008-2014 жылдары ҚР Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі. 2008-2013 жылдары – Қазақстанның Ирландия, Исландия республикалары мен Швеция Корольдігіндегі Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы. 2014-2018 жылдары – ҚР-дың Норвегия Корольдігіндегі бұрынғы Төтенше және Өкілетті Елшісі.

«Құрмет» орденімен, медальдармен марапатталған.

59 жыл бұрын (1964) Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Жақсығали Исламұлы ИМАНҚҰЛОВ дүниеге келді.

Орынбор облысында туған. Орынбор ауылшаруашылық институтын, Л. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль жолдары университетін бітірген.

Еңбек жолын 1987 жылы «Мағаджан» кеңшарында мал дәрігері, аға зоотехнигі, «Мағаджан» кеңшарының директоры, ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің Ақтөбе аумақтық басқармасы шекарадағы және көліктегі мал дәрігерлік және фитосанитарлық бақылау бөлімінің бастығы, Ақтөбе облысының жер қойнауын пайдалану және қоршаған ортаны қорғау басқармасының басшысы болды.

Әр жылдары Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасын, Тобыл-Торғай экология департаментін, Ақтөбе облысы бойынша экология департаментін басқарды.

2020-2021 жылдары Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасын басқарды.

Қазіргі қызметін 2021 жылдың мамыр айынан бері атқарып келеді.

46 жыл бұрын (1976) Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Оразбайұлы ҚЫРЫҚБАЕВ дүниеге келді.

Целиноград қаласында (қазіргі Астана қаласы) дүниеге келген. 1992 жылы Жезқазған облысы, Приозерск ауданының Шашубай кентінде (қазіргі Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы) №7 мектепті бітірді. 1992-1996 жылдары Қазақ Мемлекеттік Экономикалық Университетінде «халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша оқыды.

Еңбек жолын 1996 жылы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ТМД және Балтия елдері басқармасының референті ретінде бастады. 1997 жылы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ТМД департаментінде атташе болып қызмет атқарды. 1997-1999 жылдары ҚР Өзбекстандағы елшілігінде атташе болды. 1999-2000 жылдары ҚР Өзбекстандағы елшілігінің үшінші хатшысы қызметін атқарды. 2000 жылдың тамыз айында ҚР Сыртқы істер министрлігінің жолдамасымен ҚР Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясына оқуға түсіп, оны тәмамдағаннан кейін ТМД Комитетінің Орта Азия және Закавказья бөлімінде Екінші хатшы болып қызмет етті. 2002-2004 жылдары – «Корпорация «АВЕ» ЖАҚ Стратегия және маркетинг департаментінің директоры, кейін Корпоративтік даму департаментінің директоры. 2004-2005 жылдары «К-МАРТ» ЖШС бас директоры міндетін бірлесе атқарды. 2005 жылы Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің орынбасары, 2005-2006 жылдары Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту қорының директоры қызметтерінде болды. 2006-2008 жылдары Мәдениет және ақпарат министрлігі қоғамдық-саяси жұмыс және қоғаммен байланыстар департаментінің директоры, ал 2008-2010 жылдары Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитетінің төрағасы болып қызмет етті. 2010-2012 жылдары Қарағанды облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. 2012-2014 жылдары ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі болды. 2014-2015 жылдары – «Нұр Отан» партиясы Төрағасының бірінші орынбасарының кеңесшісі. 2015-2019 жылдары – Алматы қаласы әкімінің орынбасары. 2019-2022 жылдары – Nur Otan партиясының хатшысы.

Қазіргі қызметін 2022 жылдың ақпан айынан бері атқарып келеді.

45 жыл бұрын (1978) Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы Ескендір Қайырбекұлы ШЫНЫБАЕВ дүниеге келді.

Шығыс Қазақстан облысында туған. 1999 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетінде құқықтану магистрі дәрежесін алған. Сонымен қатар Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін құқықтану мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолы: 2000 жылы Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының органдарында жұмыс істеген. 2000-2014 жылдары түрлі қызметтерде, атап айтқанда прокуратура органдарында және экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі департаментте жетекшілік қызметтер атқарған. 2014-2016 жылдары – Зырян аудандық сотының судьясы; 2016-2021 жылдары – Шемонаиха аудандық сотының төрағасы.

2021 жылдың мамырынан бастап қазіргі қызметінде.

40 жыл бұрын (1983) Алматы облысының прокуроры Берік Абызбайұлы АДАМОВ дүниеге келді.

Павлодар облысында туған. Гуманитарлық-заң университетін (2004), Инновациялық Еуразия университетін (2006), РФ Бас прокуратурасы Академиясын (2016) тәмамдаған.

Павлодар қаласы прокурорының көмекшісі, Астана қаласы Алматы аудандық прокурорының аға көмекшісі, Астана прокуратура басқармасының прокуроры, ҚР Бас прокуратурасы департаментінің Бірінші бөлімінде прокурор, Қарағанды ​​облысы және Астана қаласы прокуратурасы 4-ші басқармасының бастығы, Екібастұз қаласының прокуроры, Алматы қаласы прокурорының орынбасары, Алматы қаласы прокурорының бірінші орынбасары қызметтерін атқарған.

Қазіргі қызметін 2022 жылдың тамызынан бері атқарып келеді.

91 жыл бұрын (1932-2016) ақын, прозашы, журналист-публицист, қоғам қайраткері Нұрғожа Нарынбайұлы ОРАЗ дүниеге келген.

Қостанай облысы Урицкий (қазіргі Сарыкөл) ауданы «Октябрь» колхозында туған. 1956 жылы Алматы қаласындағы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген соң туған ауылында мұғалім болып алғашқы еңбек жолын бастаған. Кейін Қостанай облыстық «Коммунизм туы» газетінде тілші болып қызмет атқарған. 1963 жылы Целиноград қаласына қоныс аударып, өлкелік «Тың өлкесі» газетіне жұмысқа ауысады. 1965-1991 жылдар аралығында Қазақстан Жазушылар одағының облысаралық бөлімшесін басқарды. 1990 жылдан өмірден өткенше өзі ашқан әдеби-көркем, қоғамдық-саяси «Сарыарқа» (кейін «Жаңа Сарыарқа») журналының бас редакторы болды.

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, ҚР Журналистер одағының М. Сералин атындағы сыйлығының лауреаты, «Астана» және «Тәуелсіздіктің 10 жылдығы» медальдарымен марапатталған. «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» (2006).

Өлеңдер топтамасы украин, орыс, қырғыз тілдеріне аударылған.

73 жыл бұрын (1950-1998) актер, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Тоқсын ҚҰЛЫБЕКОВ дүниеге келді.

Алматы облысының Кербұлақ ауданында туған. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын (қазіргі Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы) бітірген.

1968-1970 жылдары Амангелді ұжымшарында мәдениет үйінің меңгерушісі, Қазақ радиосының дикторы, режиссері болып істеді. Сондай-ақ, ол сол тұста көрермендердің сүйікті бағдарламалары болған «Қымызхана», «Алтыбақан», «Жебе» телехабарларының жүргізушісі болды. 1984 жылдан өмірінің соңына дейін «Тамаша» ойын-сауық отауының құрамында өнер көрсетті.

«Жігер» жастар фестивалінің лауреаты.

60 жыл бұрын (1963-2008) ауыр атлетикадан Олимпиада чемпионы Анатолий Михайлович ХРАПАТЫЙ дүниеге келді.

Ақмола облысының Атбасар қаласында туған. Алматыдағы Қазақ дене шынықтыру институтын бітірген. Алғашқы бапкері – А. Сидоров. Ол Қазақстан және КСРО-ның бірнеше дүркін чемпионы, Азия ойындарының күміс жүлдегері, екі мәрте Азия чемпионы және Орталық Азия ойындарының, Шығыс Азия ойындарының жеңімпазы, бес дүркін Еуропа және әлем чемпионы, Олимпиада ойындарының алтын (Сеул, 1988) және күміс (Атланта, 1996) жүлдегері болған.

«Құрмет» орденімен марапатталған.