20 қазанда Қазақстанның солтүстігінде жаңбыр жауады деп күтілуде

АСТАНА. 19 қазан. ҚазАқпарат- ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігі «Қазгидромет» РМК-нің мәліметінше, 20 қазанда Қазақстанның солтүстік бөлігінде атмосфералық ағымдардың өтуіне байланысты бірқатар аймақтарында жаңбыр жауып, екпінді жел соғады.

20 қазанда Қазақстанның солтүстігінде жаңбыр жауады деп күтілуде

Республиканың қалған аумағында күн райы жауын-шашынсыз болады деп күтілуде.

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде 15-22 м/с жылдамдықпен жел соғады, түнде және таңертең тұман түседі.

Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының жекелеген жерлерінде түнде және таңертең тұман түседі, күндіз желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Күндіз Ақтөбе, Павлодар, Оңтүстік Қазақстан облыстарының бірқатар жерлерінде 15-22 м/с жылдамдықпен жел соғады.