20 қыркүйек күні республиканың солтүстік-шығыс, шығыс және оңтүстік-шығысында жаңбыр жауады - Қазгидромет

АСТАНА. 19 қыркүйек. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің «Қазгидромет» РМК-ның мәліметтерінше, 2012 жылдың 20 қыркүйегінде республиканың солтүстік-шығыс, шығыс және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтальдық бөліктердің өтуімен кейбір жерлерде жаңбыр жауып, жел күшейеді.

20 қыркүйек күні республиканың солтүстік-шығыс, шығыс және оңтүстік-шығысында жаңбыр жауады - Қазгидромет

Республиканың қалған бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтілуде.

Ақмола, Қостанай, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда облыстарында, түнде Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында, күндіз Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында желдің 15-20 м/с-ке дейін күшеюі күтілуде, Ақмола және Қостанай облыстарында түнде және таңертең кейбір жерлерде тұман түсуі ықтимал.

Түнде Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кейбір жерлерінде ауаның температурасы 0-2 градусқа дейін төмендейді. Республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында төтенше жоғары өрт қауіптілігі сақталуда.

Жақын тәуліктерде Батыс Алтайдың жекелеген өзендерінде жаңбырларға байланысты су деңгейлері көтерілуі мүмкін. Қазақстанның қалған су нысандарында гидрологиялық режимде айтарлықтай өзгерістер күтілмейді.