20 маусымға арналған маңызды оқиғалар аңдатпасы

АСТАНА. KAZINFORM – Ертең елімізде бірқатар іс-шара жоспарланып отыр.

анонс
Фото: Kazinform

АСТАНА

Сағат 09.00-де ҚР Парламенті Сенатының отырысы өтеді.

Сағат 09.00-де TIACA авиациялық жүктер және логистика жөніндегі аймақтық форумы өтеді.

Мекенжай: Сауран көшесі, 46. 

Сағат 12.00-де ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» алаңында «Шетелдік жоғары оқу орындары филиалдарының ашылуы» тақырыбында баспасөз конференциясы өтеді. 

Сағат 14.30-да ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» алаңында «Әділет министрлігінің жаңа цифрлық жобалары туралы» баспасөз конференциясы жоспарланып отыр. 

Сағат 15.00-де Қазақстан Республикасының жаңа Салық кодексі таныстырылады. Өтетін орны: Қабанбай батыр даңғылы, 19.

Сағат 17.30-да ҚР Цифрлы даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінде брифинг өтпек. 

АЛМАТЫ

Сағат 11.30-да «Алатау» инновациялық технологиялар паркі арнайы экономикалық аймағында жол қозғалысы ережелерін бұзушылықтарды тіркеудің мобильді кешенін (ЖҚЕ) шығаратын Қазақстандағы алғашқы және жалғыз зауыттың ашылуы өтеді.

Мекенжай: Ибрагимов көшесі, 9.

Соңғы жаңалықтар