20 млн теңге қарызы бар шымкенттік жүргізушінің көлігі айыптұраққа қойылды
ШЫМКЕНТ. KAZINFORM - «Қорғау» қосымшасы миллиондаған қарызын төлеуден жалтарып жүрген жүргізушіні анықтады
Қала көшелерін патрульдеу кезінде полк инспекторлары «Hyundai Tucson» көлігін тоқтатқан. Автокөлік иесінің атқарушылық іс жүргізу бойынша 20 миллион 345 мың теңге қарызы бар екендігін «қорғау» қосымшасы анықтаған.
Тәртіп сақшылары жүргізушіге төлемдер туралы ескертіп, көлікті айыптұраққа қойды.
Полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сүйенсек, қала тұрғыны қарызын өтегеннен кейін ғана автокөлігін қайта ала алады.