20 мыңға жуық қазақстандық короновирустан емделіп жатыр

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде 19 871 адам короновирус инфекциясынан емделуде. Бұл туралы ҚазАпарат Денсаулық сақтау министрлігіне сілтеме жасап хабарлайды.

20 мыңға жуық қазақстандық короновирустан емделіп жатыр

18 наурыздағы мәлімет бойынша, 19 871 адам короновирус инфекциясынан (16 191 КВИ+ және 3 680 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 5 603 пациент стационарда, 14 268 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.


КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
• 236 адамның жағдайы ауыр;
• 65 пациенттің жағдайы өте ауыр;
• 39 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.