20 мыңға жуық маңғыстаулық қаржы пирамидасының құрбаны болған

АҚТАУ. ҚазАқпарат - Маңғыстауда 20 мыңға жуық тұрғын әлеуметтік желіде 36 заңсыз қаржы пирамидасына тіркелген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Облыстық экономикалық тергеу департаменті өткен жылы қаржы пирамидасын ұйымдастыру дерегі бойынша 6 қылмыстық іс қозғаған. Кейбір қаржы пирамидасы өзін халықаралық компанияның филиалы ретінде көрсетіп, әділет органдарында тіркеусіз жұмыс істеген.

«World Business Consulting» қаржы пирамидасының жұмыс схемасы «50-ден 50-ге» бағдарламасы бойынша ақша қаражатын салудан тұрды, алаяқтық жолмен салымшылар мен «Еуразия Капитал «Микроқаржы ұйымы» ЖШС арасында жалған шарттар жасалған. Онда қаржылық пирамида ұйымдастырушысы ай сайын берілген қарыздар бойынша әрбір шарттан пайыздық үстемеақы алған. Іс шеңберінде жалпы сомасы 651 млн теңге мүлікке тыйым салынды. Қазіргі уақытта іс сотта қаралып жатыр. «Ата-Мекен 2021» басшылығына қатысты іс бойынша Г.Шагироваға 28 адам өтініш білдіріп, салымның жалпы сомасы 48 млн. теңгені құрады. Іс барысында салымшыларға 44 млн. теңге өтелді», - деді Маңғыстау облысы экономикалық тергеу-тексеру департаментінің аға тергеушісі Берді Қуанышұлы.


Соңғы жаңалықтар