20 мыңнан астам автокөлік қажыларға қызмет етпек

АСТАНА. 23 қазан. ҚазАқпарат - Сауд Арабиясының қоғаммен байланыс жөніндегі департаментінің өкілі Марван Зубайди 1,7 миллиондай қажыларды Мекке мен Мәдина шаһарларының арасына және басқа  қасиетті жерлерге апару үшін 20 мыңнан астам автокөліктердің дайын екенін мәлімдеді.
None
None

Бұл жайында ҚМДБ сайтында хабарланған.

 Қажыларға қолайлы болу үшін 18 орталық ашылып, қызмет көрсетуді бастап та кетті. Орталықта барлық жағдай жасалған. Бұзылып қалған автобустарға дер кезінде техникалық қызмет көрсетілу жағы да мұқият ойластырылған. 6 мың автобус күні-түні  Мәдина мен Мекке қалаларының арасына қатынайды.      

Соңғы жаңалықтар
Референдум