20 наурызда еліміздің бірқатар аймағында жел күшейіп, жауын-шашын болады - Қазгидромет
Ақмола, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында жел күшейіп, секундына 17-22, кей жерлерде 30 метрге дейін жетеді. Кейбір аудандарында боран соғып, тұман түсіп, көктайғақ болады. Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарының кейбір жерлеріне тұман түсіп, көктайғақ болып, желдің күші секундына 15-21, т.нде 23-28 метрге дейін барады. Қостанай облысында жел күшейіп, 15-20, ал кейбір аумағында 23-28 м/с дейін жетеді.
Батыс Қазақстан, Ақтөбе облысының кейбір аудандарында бұрқасын, көктайғақ, жауын-шашын болады деп күтілуде. Ал Қарағанды облысында жел 15-23 м/с дейін күшейіп, түнде өңірдің кейбір жеріне тұман түсіп, көктайғақ болады деп болжануда. Оңтүстік Қазақстан облысында тұман болады деп күтілуде. Сондай-ақ Атырау облысында жел 15-22 м/с дейін күшейсе, Маңғыстау облысында желдің күші секундына 15-20 метрге дейін жетіп, шаңды дауыл болады деген болжам бар. Ал Қызылорда облысының кейбір аудандарына тұман түседі.