20 сәуір. Туған күн иелері

ЕСІМДЕР
Бүкілодақтық реконструкциялау ғылыми-зерттеу институтының (Мәскеу) түлегі. Қазақстанда, Ресейде және Францияда ежелгі қорғандарды қазуға қатысты. Ағаштан жасалған қолданбалы өнер заттарын жаңғырту жөніндегі кітаптар авторларының бірі, осы мәселе бойынша халықаралық конференцияларға қатысқан. Ол 1 мыңнан астам ежелгі тарих және мәдениет ескерткіштерін қалпына келтірді, «Алтын адамды» (Алматы облысы) неғұрлым дәл жаңғырту жөніндегі жұмыстарға атсалысты. Ежелгі сармат көсемінің қару-жарақтары мен Берел көсемінің аттарының әсем безендірілуі сияқты бірегей жұмыстарды атқарды.
Түркістан облысында туған. Алматы педагогикалық шет тілдері институтын (1980), Колумбия университетін (АҚШ, 1995); Гонконг университетін (ҚХР, 2013) бітірген. Саяси экономика докторы (Ph.D.). Еңбек жолы: Шымкент педагогикалық институты Шет тілдері кафедрасының аға лаборанты, оқытушысы (1982-1985); Алматы педагогикалық шет тілдері институты Қазақ тілі кафедрасының тағылымдамашы-зерттеушісі, аспиранты (1985-1990); «Алтын-Алма» орталығының сыртқы экономикалық байланыстар жөніндегі аға референті (1990-1991); «Сенім» Қазақстан-Америка бірлескен кәсіпорны Протокол бөлімінің жетекшісі, Гуманитарлық бөлімі директорының орынбасары (1991-1992); Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік протокол басқармасының үшінші хатшысы (1992-1994); Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Америка елдері басқармасының үшінші хатшысы (1994-1995); Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Америка елдері жетекші басқармасының екінші хатшысы (1995);Экономикалық ынтымақтастық ұйымының ілеспе-аудармашысы (1995-1996); Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Елшілігінің екінші хатшысы, бірінші хатшысы (1996-2000); Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Көпжақты ынтымақтастық департаментінің басқарма бастығы (2000-2001); «GoldenEagleServices» мұнай компаниясының корпоративті дамыту жөніндегі менеджері (2001); «Хабар» агенттігі ақпараттық-талдау бөлімінің сарапшысы (2001-2002); Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан менеджмент, экономика және болжамдау институтының (КИМЭП) корпоративті дамыту жөніндегі директоры (2002-2004); Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы Елшілігінің кеңесшісі (2004-2005); Қазақстан Республикасының Гонконг қаласындағы (ҚытайХалықРеспубликасы) Бас консулы (2005-2009); Қазақстан Республикасының Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымы жанындағы Тұрақты өкілінің орынбасары (2009-2012); Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі (2012-2016); Қазақстан Республикасының Сингапур Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (2016 жылғы мамырдан бастап); Қазақстан Республикасының ЖаңаЗеландиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы (2017 жылғы ақпаннан бастап). ІІ сыныпты Төтенше және Өкілетті Уәкіл дипломатиялық дәрежесі бар. Қазіргі қызметінде – 2019 жылдың тамыз айынан бастап.
Қазақ ауыл шаруашылығы институтын, Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтын бітірген. Инженер-механик, саясаттанушы. Экономика ғылымдарының кандидаты. Оңтүстік Қазақстан облысы Леңгір ауданы С. Сейфуллин атындағы ұжымшардың бас инженері (1984-1985), Қазақстан Компартиясы Сайрам аудандық партия комитетінің нұсқаушысы (1987-1989), Сайрам ауданындағы Фрунзе атындағы кеңшардың партия комитетінің хатшысы (1989-1990), Қазығұрт аудандық әкімшілігі басшысының орынбасары (1992-1994), Оңтүстік Қазақстан облысы Жастар ісі, спорт және туризм басқармасының басшысы (1994-1999), облыстық мемлекеттік қызмет департаментінің директоры (1999), Оңтүстік Қазақстан облысының Сыртқы экономикалық байланыстар және инвестициялар басқармасының басшысы (1999-2000), Қазығұрт ауданының әкімі (2000-2002), Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары (2002-2006), Түркістан қаласының әкімі (2006-2008), Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары (2008-2014) болып қызмет істеген. Қазіргі қызметінде 2019 жылдың қыркүйек айынан бастап. «Құрмет» орденімен марапатталған.
Іле Қазақ автономиялық облысында туған. 1987 жылы Бейжің қаласындағы Орталық ұлттық университетін «аудармашы-филолог» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолы: 1987-1993 жылдары – ШҰАР Үрімжі қаласындағы Гуманитарлық Ғылымдар Академиясының әдебиет институтында ғылыми қызметкер. 1993-2002 жылдары – әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультетінің Қиыр Шығыс елдері кафедрасының доценті. 2002 жылы Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ шығыстану кафедрасының доценті болды. 2003-2009 жылдары – Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ шығыстану кафедрасының меңгерушісі. 2010-2020 жылдары - Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ филология факультеті қытай тілі кафедрасының меңгерушісі. Қазіргі қызметінде 2020 жылғы маусым айынан бастап. «Қазақстанның тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстанның тәуелсіздігіне 20 жыл» медалдарымен марапатталған. Қазақстан жазушылар одағының Халықаралық «Алаш» әдебиет сыйлығының және ШЫҰ-ның (Шаңхай Ынтымақтастық Ұйымы) «Жібек жолы: гуманитарлық ынтымақтастық» сыйлығының иегері.
1985 жылы Ф.Энгельс атындағы Ленинград сауда-экономикалық институтын тәмамдаған. Экономика ғылымдарының кандидаты. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінде, Қазақстан Республикасының Ұлыбритания, АҚШ елшілігінің қызметкері ретінде қызметтер атқарды. 2007-2016 жылдары – Нидерланды Корольдігінде және Норвегия Корольдігіндегі Қазақстан Республикасының төтенше және өкілетті Елшісі, ҚР-дың Химиялық қаруға тыйым салу ұйымы жанындағы тұрақты өкілі қызметін қоса атқарушы болды.2017-2019 жылдары Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитеті төрағасы. Қазіргі қызметінде – 2019 жылдың мамыр айынан бастап.
Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданы Бекей ауылында туған. 2001 жылы М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген. «Тұран Әлем Банкі» ААҚ-ның Ақсай филиалында бөлшек кредиттеу маманы (08.2001-09.2001); нотариустың көмекшісі (2001-2003); «Жайық Холдинг» ЖШС-ның заң кеңесшісі (2003-2005); «Ақсайэнерго» ЖШС-ның заң кеңесшісі, өткізу бөлімінің бастығы (2005-2011); «Батыс Энергоресурстары» ЖШС-ның бас директоры (2011-2016). 2016-2021 жылдары – алтыншы сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі. Қазіргі қызметінде 2021 жылғы қаңтар айынан бастап.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің аспирантурасын бітірген. Мамандығы бойынша экономист, экономика ғылымдарының кандидаты, мемлекеттік аудитор. Еңбек жолын «Азаматаудит» ЖШС аудиторлық мекемесінде аудитордың ассистенті болып бастаған. 2004-2011 жылдары аудитордың аға ассистенті, менеджер-жоба басқарушысы, Алматы қаласындағы өкілдік басқарушысы лауазымдарын атқарған. 2011-2016 жылдары Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі лауазымын атқарған. 2016 жылдың желтоқсан айынан бастап Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, Оңтүстік Қазақстан облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы (2017-2018); Түркістан облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы (2018-2019). Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы (2019-2020). Қазіргі қызметінде – 2020 жылдың қазан айынан бастап.