20 сәуірде елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі 20 сәуір күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.
None
None

НҰР-СҰЛТАН

10.00-де Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы өтеді.

10.00-де EXPO халықаралық көрме орталығында Eurasian Book Fair – 2022 көрме-жәрмеңкесі басталады.

10.00-де «Zооm» сервисінің бейнеконференцбайланыс платформасында Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының жетінші сайланымының кезектен тыс сессиясы шақырылады.

11.00-де «Хан шатыр» сауда орталығында 14-29 жас аралығындағы жастар арасындағы нашақорлыққа қарсы «ESIRTKEGE JOL JOQ» жобасының ашылу салтанаты өтеді.

16.00-де Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатында бюджет, экономика, өнеркәсіп және кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі қалалық мәслихатының тұрақты комиссиясының отырысы өтеді.

19.00-де Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрында «Кеш» драмасы қойылады.


Соңғы жаңалықтар