20 сәуірге арналған ауа райы болжамы - Қазгидромет

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанның басым бөлігінде 20 сәуір күні ауа райы жауын-шашынсыз болады, тек республиканың солтүстігі мен шығысында ауа райы тұрақсыз болып, кей жерлерде жауын-шашын жаууы мүмкін, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
None
None

Алматы облысы Жалаңашкөл ауданында жел күшейіп, екпіні 18-23 м/с -қа дейін барады. Ал Ақмола, күндіз Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының бірқатар жерлерінде желдің күші 15-20 м/с болады. Шығыс Қазақстан облысында желдің екпіні 15-20 м/с болып, найзағай ойнайды. Жамбыл облысының бірқатар аймақтарында найзағай жарқылдайды.

Соңғы жаңалықтар