20 сәуір. Тұлғалар туған күн
Бүгін, 20 сәуір күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР
73 жыл бұрын (1952) суретші-әрлеуші, Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, «Қырым аралы» ғылыми-жаңғырту зертханасының директоры Қырым АЛТЫНБЕКОВ дүниеге келді.

Бүкілодақтық реконструкциялау ғылыми-зерттеу институтының (Мәскеу) түлегі. Қазақстанда, Ресейде және Францияда ежелгі қорғандарды қазуға қатысты. Ағаштан жасалған қолданбалы өнер заттарын жаңғырту жөніндегі кітаптар авторларының бірі, осы мәселе бойынша халықаралық конференцияларға қатысқан. Ол 1 мыңнан астам ежелгі тарих және мәдениет ескерткіштерін қалпына келтірді, «Алтын адамды» (Алматы облысы) неғұрлым дәл жаңғырту жөніндегі жұмыстарға атсалысты. Ежелгі сармат көсемінің қару-жарақтары мен Берел көсемінің аттарының әсем безендірілуі сияқты бірегей жұмыстарды атқарды.
66 жыл бұрын (1959) Өркендеуге жәрдемдесудің Ұлттық қорының басшысы Үсен Әбдіқадырұлы СҮЛЕЙМЕН дүниеге келген.

Түркістан облысында туған. 1980 жылы Алматы педагогикалық шет тілдері институтын, 1995 жылы Колумбия университетін (АҚШ), 2013 жылы Гонконг университетін (ҚХР) бітірген. Саяси экономика докторы (Ph.D.).
Еңбек жолы: 1982-1985 жылдары Шымкент педагогикалық институты Шет тілдері кафедрасының аға лаборанты, оқытушысы, 1985-1990 жылдары Алматы педагогикалық шет тілдері институты Қазақ тілі кафедрасының тағылымдамашы-зерттеушісі, аспиранты, 1990-1991жылдары «Алтын-Алма» орталығының сыртқы экономикалық байланыстар жөніндегі аға референті, 1991-1992 жылдары «Сенім» Қазақстан-Америка бірлескен кәсіпорны Протокол бөлімінің жетекшісі, Гуманитарлық бөлімі директорының орынбасары, 1992-1994 жылдары ҚР Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік протокол басқармасының үшінші хатшысы болып қызмет атқарған. 1994-1995 жылдары ҚР Сыртқы істер министрлігінің Америка елдері басқармасының үшінші хатшысы, 1995 жылы ҚР Сыртқы істер министрлігінің Америка елдері жетекші басқармасының екінші хатшысы, 1995-1996 жылдары Экономикалық ынтымақтастық ұйымының ілеспе-аудармашысы, 1996-2000 жылдары Қазақстан Республикасының Иран Ислам Республикасындағы Елшілігінің екінші хатшысы, бірінші хатшысы, 2000-2001 жылдары ҚР Сыртқы істер министрлігінің Көпжақты ынтымақтастық департаментінің басқарма бастығы болды. 2001 жылы «GoldenEagleServices» мұнай компаниясының корпоративті дамыту жөніндегі менеджері, 2001-2002 жылдары «Хабар» агенттігі ақпараттық-талдау бөлімінің сарапшысы, 2002-2004 жылдары ҚР Президенті жанындағы Қазақстан менеджмент, экономика және болжамдау институтының (КИМЭП) корпоративті дамыту жөніндегі директоры, 2004-2005 жылдары Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы Елшілігінің кеңесшісі, 2005-2009 жылдары Қазақстан Республикасының Гонконг қаласындағы (ҚХР) Бас консулы, 2009-2012 жылдары Қазақстан Республикасының Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымы жанындағы Тұрақты өкілінің орынбасары, 2012-2016 жылдары ҚР Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі, 2016-2019 жылдары Қазақстан Республикасының Сингапур Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, 2017-2019 жылдары Қазақстан Республикасының Жаңа Зеландиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы қызметін атқарды. 2019-2023 жылдары ҚР Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар бойынша Елшісі лауазымын атқарған.
Қазіргі қызметін 2023 жылдан бері атқарып келеді.
63 жыл бұрын (1962) Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Аграрлық мәселелер, табиғатты пайдалану және ауылдық аумақтарды дамыту комитетінің төрағасы Әли Әбдікәрімұлы БЕКТАЕВ дүниеге келді.

Оңтүстік Қазақстан облысында туған.Қазақ ауыл шаруашылығы институтын, Қазақстан менеджмент, экономика және болжау институтын бітірген. Инженер-механик, саясаттанушы. Экономика ғылымдарының кандидаты.
1984-1985 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы Леңгір ауданы С. Сейфуллин атындағы ұжымшардың бас инженері, 1987-1989 жылдары Қазақстан Компартиясы Сайрам аудандық партия комитетінің нұсқаушысы, 1989-1990 жылдары Сайрам ауданындағы Фрунзе атындағы кеңшардың партия комитетінің хатшысы, 1992-1994 жылдары Қазығұрт аудандық әкімшілігі басшысының орынбасары, 1994-1999 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы Жастар ісі, спорт және туризм басқармасының басшысы, 1999 жылы облыстық мемлекеттік қызмет департаментінің директоры, 1999-2000 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысының Сыртқы экономикалық байланыстар және инвестициялар басқармасының басшысы, 2000-2002 жылдары Қазығұрт ауданының әкімі, 2002-2006 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, 2006-2008 жылдары Түркістан қаласының әкімі, 2008-2014 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болып қызмет істеген.
Қазіргі қызметінде 2019 жылдың қыркүйек айынан бастап.
«Құрмет» орденімен марапатталған.
62 жыл бұрын (1963) Рамазан Сүлейменов атындағы шығыстану институтының директоры Дүкен МӘСІМХАНҰЛЫ дүниеге келді.

Іле Қазақ автономиялық облысында туған. 1987 жылы Бейжің қаласындағы Орталық ұлттық университетін «аудармашы-филолог» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы: 1987-1993 жылдары ШҰАР Үрімжі қаласындағы Гуманитарлық Ғылымдар Академиясының әдебиет институтында ғылыми қызметкер, 1993-2002 жылдары әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультетінің Қиыр Шығыс елдері кафедрасының доценті, 2002 жылы Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ шығыстану кафедрасының доценті болды. 2003-2009 жылдары Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ шығыстану кафедрасының меңгерушісі, 2010-2020 жылдары Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ филология факультеті қытай тілі кафедрасының меңгерушісі.
Қазіргі қызметін 2020 жылғы маусым айынан бастап атқарып жатыр.
«Қазақстанның тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстанның тәуелсіздігіне 20 жыл» медалдарымен марапатталған. Қазақстан жазушылар одағының Халықаралық «Алаш» әдебиет сыйлығының және ШЫҰ-ның (Шаңхай Ынтымақтастық Ұйымы) «Жібек жолы: гуманитарлық ынтымақтастық» сыйлығының иегері.
44 жыл бұрын (1981) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIIІ шақырылым депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрайымы Снежанна Валерьевна ИМАШЕВА дүниеге келді.

Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданы Бекей ауылында туған. 2001 жылы М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген.
Еңбек жолы: 2001 жылы «Тұран Әлем Банкі» ААҚ-ның Ақсай филиалында бөлшек кредиттеу маманы, 2001-2003 жылдары нотариустың көмекшісі, 2003-2005 жылдары «Жайық Холдинг» ЖШС-ның заң кеңесшісі, 2005-2011 жылдары «Ақсайэнерго» ЖШС-ның заң кеңесшісі, өткізу бөлімінің бастығы, 2011-2016 жылдары «Батыс Энергоресурстары» ЖШС-ның бас директоры, 2016-2021 жылдары алтыншы сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі қызметінде болды.
Қазіргі қызметін 2023 жылғы наурыз айынан бастап атқарып келеді.
41 жыл бұрын (1984) Түркістан облысы Сайрам ауданының әкімі Арман Сәбитұлы СӘБИТОВ дүниеге келді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетін, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің аспирантурасын бітірген. Мамандығы бойынша экономист, экономика ғылымдарының кандидаты, мемлекеттік аудитор.
Еңбек жолын «Азаматаудит» ЖШС аудиторлық мекемесінде аудитордың ассистенті болып бастаған. 2004-2011 жылдары аудитордың аға ассистенті, менеджер-жоба басқарушысы, Алматы қаласындағы өкілдік басқарушысы лауазымдарын атқарған. 2011-2016 жылдары Алматы қаласы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі лауазымын атқарған. 2016-2017 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, 2017-2018 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы, 2018-2019 жылдары Түркістан облысы Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы қызметін атқарған. 2019-2020 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы, 2020-2023 жылдары Түркістан облысы әкімінің орынбасары лауазымын атқарды.
Қазіргі қызметін 2023 жылдың маусым айынан бастап атқарып келеді.