20 сәуірде медициналық пойыз Қазақстан өңірлеріне жолға шығады

Пойыз медицина
Фото: «Самұрық-Қазына» қоры

АСТАНА. KAZINFORM – Биыл «Жәрдем» медициналық пойызы арқылы 20 сәуірден желтоқсан айына дейін 90 мың ауыл тұрғыны емдік-кеңес беру қызметін ақысыз алады деп күтілуде. 

Бастама аясында ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мен «Samruk-Kazyna Trust» КҚ бас директоры Альфия Адиева «Медициналық пойыздар» жобасы бойынша жауапкершілікті күшейту мен байланысты нығайту туралы ынтымақтастық меморандумына қол қойды. 

Пойыз медицина
Фото: «Самұрық-Қазына» қоры

«Құжатта қос жақтың жауапкершілігін нығайту, ынтымақтастық мақсаттарына қол жеткізуді қамтамасыз ету сияқты мәселелер қаралған. Өткен жылы медпойыз 121 станцияны араласа, биыл ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның бастамасымен 140 шалғай елдімекендегі азаматтарға тегін медициналық және құқықтық көмек көрсетіледі», – деп атап өтті «Samruk-Kazyna Trust» қорының бас директоры Альфия Адиева. 

Пойыз медицина
Фото: «Самұрық-Қазына» қоры

Осылайша Министрлік құрамды білікті мамандармен, талапқа сай құрал-жабдықпен қамтамасыз етіп, оларды тұрақты түрде назарында ұстаса, Қор жалпы жобаны, пойыздың үздіксіз қатынауын үйлестіріп, Ұлттық комиссия ұсынысымен заңгерлер жұмысын қарастырады.

Соңғы жаңалықтар