20 секундтағы жеңіс: Қазақстанның ММА шебері қарсыласын нокаутқа түсірді

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Аралас жекпе-жек шебері қазақстандық Бауыржан Қалмұрзаев ресейлік файтер Константин Чередниченкоға (15-19) қарсы айқас өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Алматыда өткен Octagon 39 турнирінде Б.Қалмұрзаев К.Чередниченконы жекпе-жектің алғашқы 20-секундында нокаутқа жіберді. Қазақстандық спортшы қарсыласын торға тіреп, оған соққыларды қарша боратты.

Солайша Бауыржан Қалмұрзаев кәсіпқой мансабында төртінші жеңісіне қол жеткізді. Ол бірде-бір рет жеңіліп көрген емес.

Octagon 39 турнирінің басты жекпе-жегі қазақстандық Азат Мақсұм (15-0) мен бразилиялық Фабрисио Нуньес (8-0) арасында өтеді.


Соңғы жаңалықтар
telegram