20 шақты астаналық этномәдени бірлестік «Менің Қазақстаным» сайысына қатысты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Қазақстан халықтары Ассамблеясының 20 жылдығына арналған «Менің Қазақстаным» республикалық фестивалінің қалалық туры өтті.

20 шақты астаналық этномәдени бірлестік «Менің Қазақстаным» сайысына қатысты

Бұл туралы елорда әкімдігінің ресми сайтында хабарлады.

Сайысқа 20 жуық этномәдени бірлестік қатысты. Сонымен қатар, фестиваль аясында республикалық «Бейбітшілік және келісім жол картасы» мега-жобасының қорытындысын шығару салтанаты өткізілді.

Шараның мақсаты - мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту, қоғамды қазақ музыкасы мен әнін тану арқылы нығайту, қазақ халқының мәдениетіне, дәстүріне және ерекшелігіне деген құрметті қалыптастыру.

«Есте қаларлығы, этномәдени бірлестіктер Қазақстан халқы Ассамблеясы тек идеологиялық емес, іс жүзінде нәтиже беретін институт екенін көрсетті, сонымен қатар, этномәдени бірлестіктердің қоғаммен бірлескені сонша, оған пайда келтіре алатынын көрсетті. Бүгінгі іс-шара - Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай жоспарланған көптеген іс-шаралардың бірі», - Астана қаласы әкімі аппараты Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Ләззат Құсайынова.

Сайыс нәтижесі бойынша, өзбек этномәдени орталығының атынан шыққан Сабина Шарипова және «Лад» республикалық славян қозғалысының «Станичники» ұлттық казак хоры жеңімпаз атанды.