20 шілде күні елімізде ауа райының тұрақсыздығы сақталады - Қазгидромет

АСТАНА. ҚазАқпарат - 20 шілде күні елімізде ауа райының тұрақсыздығы сақталады, деп хабарлайды ҚР ТЖМ баспасөз қызметі «Қазгидрометке» сілтеме жасап. Солтүстік өңірде жаңбыр жауады. Кей аймақтарында найзағай ойнап, бұршақ жаууы мүмкін. Ал оңтүстік, шығыс, оңтүстік-шығыс пен батыс аймақтарда ауа райы жауын-шашынсыз .

20 шілде күні елімізде ауа райының тұрақсыздығы сақталады - Қазгидромет

Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Қарағанды облыстарында найзағай ойнап, желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді. Қызылорда, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде жел күшейіп, екпіні 15-20 м/с-қа дейін барады. Шығыс Қазақстанда найзағай ойнайды. Күндіз Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды облыстарында қатты ыстық болады деп күтілуде. Оңтүстік және батыс өңірлерде жоғарғы өрт қаупі сақталады.