20 шілдеден бастап Алматыда қоғамдық көліктегі жолақысы 80 теңге болады

АЛМАТЫ. 10 шілде. ҚазАқпарат - Алматыда 20 шілдеден бастап қалалық қоғамдық көлікте жолақысы 80 теңге болады.

20 шілдеден бастап Алматыда қоғамдық көліктегі жолақысы 80 теңге болады

Шаһарда енді жолақы бағасы 50-ден 80 теңгеге өскенімен, бір айлық жүру билеттерінің құны сол күйінде қалады. Ол  оқушылар үшін - 850 теңге, студенттер үшін  - 2250, зейнеткерлер үшін  - 1500 теңге. Жалпы бұл шара бесінші шақырылған қалалық мәслихаттың 22-мамырдағы 5 сессиясының шешіміне сәйкес жүзеге асып отыр. Сондай-ақ 2011 жылдың желтоқсан айында іске қосылған метро қызметі бағасы 80 теңге күйінде өзгеріссіз қалады.