20 тамыз. Туған күн иелері

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚазАқпарат 20 тамызға арналған «Туған күн иелері» күнтізбесін ұсынады.

20 тамыз. Туған күн иелері

ЕСІМДЕР

62 жыл бұрын (1959) жазушы, этнолог, педагог, профессор, тарих ғылымдарының докторы Жамбыл Омарұлы АРТЫҚБАЕВ дүниеге келді.

Қарағанды облысында туған. Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолы: Қарағанды мемлекеттік университетінің оқытушысы, аға оқытушысы, доценті, профессоры, кафедра меңгерушісі, тарих факультетінің деканы, Қарағанды мемлекеттік университетінің зертхана меңгерушісі, Павлодар мемлекеттік университетінің археология, этнология және Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі; Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры. Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ. 2012 жылы «ЖОО үздік оқытушысы» атағының иегері.

56 жыл бұрын (1965) Қазақстан Республикасының Республикалық бюджетінің орындалуын бақылау жөніндегі есеп комитеті аппаратының басшысы Қалижан Серікұлы ӘБДІРАЙЫМОВ дүниеге келді.

1988 жылы Алматы халық шаруашылығы институтын экономист мамандығы бойынша бітірген. Әр жылдары Қазақстан Республикасы Экономика, энергетика, индустрия және сауда министрліктерінде, Құрылыс жұмысы комитеті төрағасының орынбасары қызметтерін атқарған. 2004-2008 жылдары Ақтөбе облысы әкімінің аппарат басшысы, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары болған. 2008-2010 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы; 2010-2011 жылдары Ақмола облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. 2011-2014 жылдары «Қазақстандық тұрғын үй құрылыс корпорациясы» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің төрағасы; 2014-2016 жылдары Жамбыл облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

2017 жылдан бастап қазіргі қызметінде.

56 жыл бұрын (1965) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, «Серпін» Ұлттық білім және инновациялар палатасының президенті Мұрат Абдуламитұлы ӘБЕНОВ дүниеге келді.

Ол Қызылорда облысында туған. Абай атындағы қазақ педагогикалық институтының математика және информатика факультетінің (1990) «Математика және информатика» пәндерінің мұғалімі мамандығын бітірген. Қазақ гуманитарлық-заң университетінің құқықтану факультетін (2002) заңгер мамандығы бойынша бітірген. 1990 жылдан — С. Сейфуллин атындағы №4 ОМ информатика және есептеу техникасының мұғалімі. 1991 жылдың маусым айынан — Қызылорда қалалық білім басқармасының кадрлар және негізгі іс-әрекет бойынша инспекторы. 1991 жылдың қыркүйек айынан — 1 Мамыр атындағы №1 қазақ мектеп-лицейі директорының оқу-тәрбиелік іс бойынша орынбасары (Қызылорда қаласы). 1992 жылдан — Қызылорда қалалық әкімдігінің қоғамдық пікірді болжау және баспасөз бөлімінің бас маманы. 1993 жылдан — «Атамекен» ЖШС-де коммерциялық іс-әрекет бойынша директордың орынбасары (Апматы қаласы). 1999 жылдан — Қызылорда облысы әкімі аппаратының ұйымдастырушылық-бақылау бөлімінің кеңесшісі. 2000 жылдан — Қызылорда облысының мемлекеттік қызмет істері бойынша басқарма агенттігінің бастығы. 2002 жылдан — Қызылорда облысы ішкі саясат департаментінің директоры. 2005 жылдан — Қызылорда облысы әкімінің орынбасары. 2007 жылдың ақпан айынан тамыз айына дейін — Қызылорда облысы әкімі аппаратының жетекшісі. 2007 жылдың қыркүйек айынан — ҚР Парламенті Мәжілісі 4-ші шақырылымының «Нұр Отан» ХДП тізімі бойынша депутаты, ҚР Парламенті Мәжілісінде «Нұр Отан» ХДП фракциясының Азаматтық байланыстар және азаматтық қоғам институттары бойынша кеңесінің мүшесі. Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің хатшысы. 2012 жылдың қарашасынан Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі болды. «Қазақстан» телеарнасында «Серпіліс», 24.kz телеарнасында «Мұрат Әбеновпен ашық әңгіме» атты авторлық бағдарламасын жүргізді. 2013-2016 жылдары – «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы. 2016-2017 жылдары «Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасының орынбасары. 2017 жылдың қаңтар айынан бастап «Атамекен» ҚР ҰКП президиумы жанындағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, білім және инновация комитетінің төрағасы.

50 жыл бұрын (1971) Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Марат Иманбайұлы ТАСМАҒАНБЕТОВ дүниеге келді.

Ғалым-агроном, экономист мамандықтары бойынша Көкшетау ауыл шаруашылығы институтын, Алматы экономика және статистика институтын тәмамдаған. Еңбек жолын «Привальное» кеңшарында бригадир есепшiсi болып бастады. «Заподное» кеңшарында агроном, агроном-тұқым өсiрушi, бас агрономы; Көкшетау облысында «Батыс Қазақстан» ЖШС директоры, Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданда «Вест» ЖШС директоры болып жұмыс iстеген. 2014 жылға дейін Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданның әкiмi болып қызмет еттi; Петропавл қаласының әкімі (2014-2019).

2019 жылғы наурыздан бастап қазіргі қызметінде.

«Құрмет» орденінің иегері.

47 жыл бұрын (1974) «Ел арна» телеарнасының директоры Арман Балтабайұлы СЕЙІТМАМЫТ дүниеге келген.

Алматы облысында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің журналистика факультетін, Т. Жүргенов атындағы Өнер академиясын (1997) бітірген. Еңбек жолы: «Хабар» телеарнасында жаңалықтар бағдарламасының жүргізушісі (1997-2012); «Хабар» Агенттігі» АҚ-ның «24KZ» арнасының шеф-редакторы (2012-2015); «Хабар» Агенттігінің» «24KZ» телеарнасының директоры (2015 жылдан).

43 жыл бұрын (1978) ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары Самат Сатыбалдыұлы ӘБІШ дүниеге келді.

Алматы облысында туған. ҚР Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті мен РФ Сыртқы барлау қызметі академияларын бітірген.

2000-2006 жылдары – ҚР ҰҚК органлдарында офицерлік құрамындағы қызметте болды. 2006-2008 жылдары - ҚР Әділет министрлігі Тіркеу қызметі комитеті төрағасының орынбасары, төрағасы. 2008-2010 жылдары - ҚР Әділет министрлігінің жауапты хатшысы. 2010-2013 жылдары - ҚР ҰҚК Кадрлар департаментінің бастығы, Астана бойынша департаментінің бастығы. 2013-2015 жылдары – ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары.

Қазіргі қызметінде – 2015 жылғы желтоқсаннан бері.