20 тонна банан артылған жүк көлігі із-түзсіз жоғалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Петербордың көлік полициясы Канонерский аралында жоғалған 20 тонна банан тиелген Volvo автомобилін іздестіруде.

20 тонна банан артылған жүк көлігі із-түзсіз жоғалды

Алдын ала болжамға қарағанда, автомобильді Канонерский кеме жөндеу зауытының аумағында 14 сәуірде айдап кеткен. Жартылай тіркемесі бар мемлекеттік нөмірлі Volvo автомобилі зауыт территориясынан шығып, белгісіз бағытқа ізін жасырған.

Полицияның деректеріне қарағанда, көлік рулінде 57 жастағы Азербайжан тумасы болған. Жүктің құны анықталып жатыр. Көлік полициясы тиісті шұғыл-іздеу шараларын өткізуде, деп хабарлайды piter.tv.