20 жасқа дейінгі жастар арасындағы Әлем чемпионатында қазақстандық хоккейшілер сәтті өнер көрсетуде

АЛМАТЫ. 14 желтоқсан. ҚазАқпарат - Кеше Украинаның Донецк қаласында өтіп жатқан 20 жасқа дейінгі жастар арасындағы Әлем чемпионатында қазақстандық хоккейшілер кезекті жеңісіне қол жеткізді.

20 жасқа дейінгі жастар арасындағы Әлем чемпионатында қазақстандық хоккейшілер сәтті өнер көрсетуде

Виктор Богатыров жаттықтыратын  Қазақстан құрамасы бұл жолы Италия құрамысынан 2:1 есебімен басым түсті. Бұған дейін олар хорваттарды 5:0 есебімен ойсырата жеңіп, тек алғашқы ойында польяктарға 3:6 есебімен есе жіберген еді. Енді келесі ойындарын 16 желтоқсанда Украина мен Ұлыбритания командаларымен өткізеді.

Былтыр Польшаның Тыхы қаласында 12-18 желтоқсанда өткен Әлем чемпионатында олар жапондарды 2:1, поляктарды 2:0, хорваттарды 4:3 есебімен ұтып, француздарға 1:2, итальяндықтарға 0:1 боп ұтылған болатын. Соның нәтижесінде  12 ұпай жинаған француздар «А» тобына берілетін жолдаманы  қоржындарына салып, Қазақстан  10 ұпаймен екінші, Италья 8 ұпаймен үшінші, Польша 7 ұпаймен төртінші, Хорватия 6 ұпаймен бесінші,  ал Жапония 2 ұпаймен алтыншы орынды қанағат тұтқан болатын.