20 жастағы филиппіндік бойжеткен «Жер шары аруы -2014» титулын жеңіп алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 20 жастағы филиппіндік Джеми Хэрралл «Жер шары аруы -2014» титулын жеңіп алды.
Байқаудың ақтық сыны Филиппиндегі Лусон аралында қалалық Кесон-Сити театрында өтті.
Екнші орынды АҚШ бойжеткені Андреа Нью еншілесе, үшінші орын Венесуэланың өкілі Мария Алехандра Родригеcке бұйырды.
«Жер шары аруы -2014» конкурсы Филиппинде 2001 жылдан бері ұйымдастырылып келеді.