20 жастағы қазақстандық боксшы қарсыласын 31 секундта сұлатып салды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бірінші орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов кәсіпқой рингтегі алғашқы жекпе-жегін сәтті өткізді, деп хабарлайды Sports.kz.

20 жастағы қазақстандық боксшы қарсыласын 31 секундта сұлатып салды

Канаданың Квебек қаласында өткен бокс кешінде 20 жастағы қазақстандық былғары қолғап шебері 26 жастағы мексикалық Тони Баррераспен (1-1, 1 КО) жекпе-жекке шықты. Кездесу 6 раундқа жоспарланған еді. Алайда қазақ өрені қарсыласын 31 секундта сұлатып салды.

Осылайша Ахмедов кәсіпқой рингтегі алғашқы жекпе-жегін сәтті өткізді