20 жастағы Мэрилин Монроның бұрын жарияланбаған суреттері Желіні дүр сілкіндірді (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жас Мэрилин Монроның бұрын ешқайда жарияланбаған фотолары Желіні дүр сілкіндірді.
Ол кезде актриса Мэрилин Монро емес, мансабын енді бастаған модель Норма Джин Мортенсонның фотосуреттері 1946 жылы түсірілген. Бұл оның сөз сөйлеп, ән шырқаған алғашқы фильмі түсірілгенге дейін екі жыл бұрын болды.
Онда кейіннен бүкіл әлемге танымал болған актрисаның жасы небәрі 20-да еді. Бірақ сол кезде Мэрилин Монро осыған дейін 16 жасында некелескен жұбайы Джеймс Догертимен ажырасып, «20th Century Fox» киностудиясымен келісім орнатып үлгерді.
Фотосуреттердің авторы - фотограф Андре Де Диенес. Ол мансабын енді бастаған модельдің суреттерін олардың Малибуға бірге барған кезінде түсірген, деп жазады informing.ru.