10:12, 15 Тамыз 2015 | GMT +5
20 жылдан кейін аралар Жер бетінен жойылып кетуі мүмкін
АСТАНА. ҚазАқпарат - Адам баласы үшін таптырмайтын өнім - балды өндіруші араларға зор қауіп төнді. Қанатты жәндіктер 20 жылдан соң Ресейдің аумағынан жойылып кетуі мүмкін. Тек Ресей емес, Жердің өзге бөліктерінде де аралар тіршілігі тоқтауы ықтимал, деп хабарлайды 24.kz
Мұның барлығына нашарлаған экологиялық ахуал себеп болуда. Бұл туралы Бүкілресейлік ара өсірушілер одағының өкілі Ольга Чупахина мәлімдеді. Оның айтуынша, қазір Ресей бойынша аралардың саны 40%-ға дейін қысқарған. Сондай-ақ аралардың қырылуына күшті электрлі магниттік сәулелену себеп болған, деп жазады informing.ru.