200-ге жуық арыстық ардагер сауықтыру орындарына аттанды

АРЫС. ҚазАқпарат - Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевтің бастамасымен бүгін 200-ге жуық арыстық ардагер «Мейір Ардагерлер үйіне» аттанды. Бұл жөнінде облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

200-ге жуық арыстық ардагер сауықтыру орындарына аттанды

Аталған бастама Арыс қаласының зейнеткерлерін әлеуметтік қолдау мақсатында ұйымдастырылып отыр. Онда ардагерлерге түрлі медициналық қызметтер көрсетіледі. Атап айтқанда, физиотерапиялық, парафинмен, озокеритпен емдеу, дене шынықтыру, дәрі егу сынды ем-дом көрсетіледі. Демалушылар күніне 4 мезгіл тамақтанады. Жалпы демалу мерзімі - 15 күн. Сондай-ақ, демалушы ардагерлердің қатысуымен күнделікті концерттік бағдарламалар өткізілетін болады.

Айта кетерлігі, Арыс қаласында 3900-ден астам зейнеткер тұрады. Бүгін 8 шілдеде «Мейір Ардагерлер үйіне» 190 зейнеткер аттанса, 9 шілдеде «Ардагерлер үйіне» 200 зейнеткер жолданады. Жалпы шілде-тамыз айларында барлығы 1360 зейнеткер қамтылады.

null