200 мың долларын көлікте қалдырып, жер сипап қалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Баукеспе ұрылар Мәскеудің солтүстік-батысында көлік салонынан ірі көлемдегі қаражатты жымқырып кеткен.

200 мың долларын көлікте қалдырып, жер сипап қалды

Бұл туралы астаналық полицияның баспасөз қызметінен хабарлады.

«Белгісіз біреулер сағат 13.00 шамасында Зорге мен Народного ополчения көшелерінің қиылысында қарақшылық қылмыс жасаған. Қаскүнемдер көліктің терезесін сындырып, ірі көлемдегі ақшаны ұрлап, болжам бойынша Mercedes маркалы автомобиліне мініп, бой тасалаған. Қазіргі уақытта қылмыскерлерді іздестіру шаралары жүргізілуде», деп мәлім етті полициядан.

Өз кезегінде, құқық қорғау органдарындағы дереккөз баукеспелердің 200 мың долларды жымқырып кеткендігін хабарлады.