200 мың қазақстандық жұмыспен қамтылады - сенатор А. Бижанов

АСТАНА. ҚазАқпарат - "Нұрлы жол" бағдарламасы аясында қолға алынатын жобалардың арқасында 200 мың қазақстандыққа жаңа жұмыс орны ашылады.

200 мың қазақстандық жұмыспен қамтылады - сенатор А. Бижанов

Бұл туралы бүгiн Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен брифингте ҚР Парламентi Сенатының депутаты Ахан Бижанов мәлiм еттi.

"Бiздiң мемлекет жұмыссыздықты болдырмау мақсатында барлығын iстеп жатыр. Ең басты қолға алған шарасы - "Нұрлы жол" бағдарламасы. Осының арқасында бiз қазiргi заманғы көлiктiк-логистикалық инфрақұрылымға ие боламыз. Жол құрылысы белең алады. Бұл көлiк және логистика мәселелерiн шешу ғана емес, экономиканың өзге салаларын: металл өндiрiсi, цемент, құрылыс материалдары және тағы басқа салаларға серпiн бередi. Сонымен қатар 200 мыңға жуық жаңа жұмыс орындарының ашылуы жоспарлануда", - дедi ол.

Депутаттың айтуынша, сонымен қатар "Жұмыспен қамту-2020" бағдарламасы жүзеге асырылуда. Ол бойынша, 2010-2014 жылдар аралығында 260 мың жұмыс орны ашылған.

"Жұмыссыздықты болдырмаудың тағы бiр бағыты - шағын және орта бизнестi қолдау. Кәсiпкерлiктi дамытуға бюджеттен 75 млрд теңге бөлiндi. Индустрияландыру бағдарламасы аясындағы жобалар да сақталады. Биыл индустрияландыру аясында 75 нысан салынады және 7,5-8 мың жұмыс орны құрылады", - дедi сенатор.