200 шаршы метр аумақты шарпыған өрт жеткіншектің өмірін қиды
АСТАНА. 26 мамыр. ҚазАқпарат - Жұмадан сенбіге қараған түнде Алматы қаласында жеке тұрғын үй өрт құшағына оранды,
деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметінен.
1 сағаттың ішінде сөндірілген өрт 200 шаршы метр аумақты шарпыған өрт орнынан 16 жастағы жеткіншектің мүрдесі табылған. Сонымен қатар денесін күйік шалған 50 жастағы азамат ауруханаға жеткізілді.
Өртті сөндіруге ҚР ТЖМ Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру қызметінің жеке құрамындағы 31 маман мен 8 техника жұмылдырылды