200 жылдан кейінгі оқиға: метеориттен бір адам қаза тапты

АСТАНА. Үндістанда жерге құлаған метеорит тиіп бір адам қаза тапты, бұндай қайғылы оқиға соңғы рет осыдан 200 жылдай бұрын тіркеліпті. Бұл туралы Reuters агенттігі хабарлады.

200 жылдан кейінгі оқиға: метеориттен бір адам қаза тапты

«Метеорит колледж ғимаратына құлаған», - дейді Тамилнад штатының басшысы Жаялалит Жаярам. Оның айтуына қарағанда аспан денесі тиген ер адам қатты жарақат алып, ауруханаға жетпей қайтыс болған. Марқұм болған адам автобус жүргізушісі болып қызмет еткен. Оның отбасына оқу орны 1,47 мың доллар өтемақы төлеген.

Кейін белгілі болғандай, аспан денесі құлаған шақта ер адам колледж асханасының жанында тұрған. Оған жақын жүрген екі студент және бағбан да жарақат алыпты. Сонымен қатар, оқу орнының ғимаратына да зақым келген. Метеорит қалдығы оқиға орнынан табылды.

International Comet Quarterly басылымының жазуына қарағанда, соңғы рет аспан денесі құлау кезінде қаза тапқан адам туралы дерек 1825 жылы тіркеліпті.