2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасына қатысушылар жыл соңына дейін пәтерлерін алады - елорда әкімі
АСТАНА. 12 желтоқсан. ҚазАқпарат - 2005-2007 жылдарға арналған мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасына қатысушылар жыл соңына дейін пәтерлерін алады.
Бұл туралы Астана қаласының әкімі Иманғали Тасмағамбетов өзінің блогына түскен сауалға берген жауабында айтқан.
Сонымен қатар қала басшысы 2008-2010 жылдары аралығындағы мемлекеттік тұрғын үй бағдарламасына қатысып, алайда түрлі себептермен пәтерді алудан бас тартқан азаматтардың баспаналары бағдарламаның бірінші кезегіне қатысуға өтініш берген, ең жоғары балл жинаған, бірақ бұған дейін тұрғын үй комиссиясының оң шешімін алмағандардың арасында бөлінетін болады.
«Бұл мәселе мемлекеттік бағдарламаға қатысудан бас тартқан азаматтардың өтініштерін есепке алмай отырып, тұрғын үй комиссиясының шешімімен қабылданатын болады», - деді ол.