2006 жылы қазақстандықтардың тек үштен бірінде ғана ұялы телефон болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ұлттық экономика бірінші вице-министрі Руслан Дәленов Қазақстан азаматтарының 2006 жылы 2017 жылдардағы ұялы телефондармен қамтамасыз етілуін салыстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2006 жылы қазақстандықтардың тек үштен бірінде ғана ұялы телефон болды

«Қазақстандықтардың 77 проценті интернетті пайдаланады, біздің 97 процентімізді ұялы телефон бар. Мәселен, 2006 жылы тек 26 процентімізде ғана ұялы телефон болған еді», - деді ол бүгін Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихаты барысында.

Мұнан бөлек, бірінші вице-министр елімізде тіркелген көліктердің әр түріне қатысты статистикалық деректермен бөлісті.

«Қазақстанда 2017 жылдың 1 қаңтарында 3,8 млн. жеңіл автомобиль, 439 мың жүк көлігі, 130 мың жылжымалы теміржол көлігі құрамы, шамамен 100 мың автобус, 850 азаматтық ұшақ, 179 өзен кемесі мен 65 теңіз кемесі тіркелген», - деді Руслан Дәленов.