2007-2011 жылдары Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ғалымдары 175 миллион теңгенің 26 жобасын жүзеге асырды - Тілектес Есполов
«Қазақ ұлттық аграрлық университеті ғалымдарының қатысуымен 2007-2011 жылдары 26 жоба жүзеге асырылды. Оны жүзеге асыру барысында оқу орнында 34 жаңа технология нысаны мен техникалық құралдар құрылды. Сортаң жерлердегі күріштің өнімділігін арттыру, ауыл шаруашылығы дақылдарын егуде ресурс жинақтау технологияларын енгізу, тыңайтқыштар жүйесін енгізу, машиналар конструкцияларын жетілдіру және тағы басқа салалар бойынша 30-дан астам жасалымдар өндіріске енгізілді», - деді университет ректоры Тілектес Есболов.
Оның айтуынша, Ауыл шаруашылығы министрлігімен және Дүниежүзілік банкпен бірлесіп жүзеге асырған жобалар елдің аграрлық секторын дамытуға зор үлесін қосты. Жаңа технологияларды енгізу бойынша аграрлық ғылым саласының өкілдерін кең ауқымда тарту өз нәтижесін берді. Сондықтан тараптар бұл жобаларды қаржыландыруды одан ары жалғастырса жөн болар еді.