2007 жылғы Ата заңға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар еліміздің қоғамдық саяси дамуына жаңа серпін берді - конференция
АЛМАТЫ. Тамыздың 24-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Ата заңға 2007 жылы енгізілген өзгерістер мен толықтырулар еліміздің қоғамдық-саяси өмірінің дамуына жаңа серпін берді. Бұл туралы бүгін Алматыда өткен «Ата заң - мемлекеттің демократиялық дамуының негізі» атты ғылыми-тәжірибелік конференция барысында Алматы әкімі Ахметжан Есімов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Конститутциялық реформа Парламент пен саяси партиялардың, азаматтық қоғам институттарының рөлін арттырды. Заң мен құқық ауқымы кеңіп, азматтық қоғамның ары қарай дамуы үрдісін кепілдендірді. «Қазақстандық жол» еліміз халқы мен мемлекетіміздің күш деңгейін тағы бір айшықтап берді. Елбасы атап өткендей Ата заңды толықтыру ішкі және замануауи шақыруларға тиімді жауап беру үшін қажет. Бүгін бұл талаптарға Ата заңымыз толық жауап бере алады» деді қала әкімі.