2007 жылы табылған ежелгі қазына АҚШ-тан Испанияға қайтарылды

АСТАНА. 5 наурыз. ҚазАқпарат -  2007 жылы американдық Odyssey Marine Exploration компаниясы Испания жағалауларынан тапқан ежелгі қазына АҚШ-тан «тарихи отанына» оралды:
None
None

бортына 17 тонна алтын және күміс тиеген екі ұшақ Мадридтегі Торрехон де Ардос әскери авиабазасына жеткізілді, деп хабарлады ресейлік «Жаңалықтар» агенттігі.

Мадридке қазыналардың жеткізілуі құны 370 миллион еуро тұратын теңізден табылған олжаның кімге тиесілі екендігі туралы дауға нүкте қойды.

Американдықтар мен испандықтар арасындағы теңізден  табылған олжаға иелік туралы дау 2007 жылдың жазынан бері жалғасып келді. Сол кезде   Odyssey Marine Exploration экспедициясы су бетіне жарты миллионнан астам алтын және күміс шақаларды алып шыққан болатын. Американдық компанияның есептеуінше,  бұл шақаларды сатудан түсетін кіріс 4 миллиард долларды құрауы мүмкін.

Бұл шақаларды испандық  Nuestra Senora de las Mercedes кемесі Перуге тасымалдау барысында 1804 жылы ағылшындар суға батырған болатын. Odyssey Marine Exploration қызметкерлері табылған олжаны Майамиге (Флорида) жеткізді, бұдан кейін Испания үкіметі штат сотына бағалы құндылықты қайтару жөнінде талап-шағым жасады.

Испания кез келген шетелдіктердің өзінің оңтүстік жағалауларындағы іздеу жұмыстарына үлкен күдікпен қарайды. Өйткені, мамандардың есептеуінше, испандық оңтүстік жағалаулардағы теңіз түбінде 24 миллиард еуроның суға батқан қазынасы жатыр деп санайды.

Соңғы жаңалықтар