2008-2010 жылдарға арналған тұрғын үй мемлекеттік бағдарламасына «мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлері» санаты бойынша қатысушылардың баллдары бекітілді - Астана қаласының әкімдігі
АСТАНА. Тамыздың 21-і. ҚазАқпарат - Бүгін 2008-2010 жылдарға арналған ҚР тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті,
деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Комиссия отырысында «мемлекеттік кәсіпорындардың қызметкерлері» санаты бойынша үміткерлердің баллдары бекітілді.
2008-2010 жылдарға арналған ҚР тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы ауқымында салынған тұрғын үйді жүзеге асырудың белгіленген ережелерінде көрсетілген санатқа балл қою жүйесін пайдалану арқылы іріктеу өлшемдері мынадай:
І өлшем - егер өтініш беруші әлеуметтік саладағы мемлекеттік кәсіпорынның қызметкері болса - 10 балл;
ІІ өлшем - мемлекеттік кәсіпорындағы жұмыс өтілі (еңбек өтілі толық бір жыл есебімен анықталады) - 3 балл, бір жылдан аз болса - 3 балл;
ІІІ талап - өтініш берушінің зайыбы (жұбайы) да мемлекеттік органның, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын мекеменің, мемлекеттік кәсіпорынның қызметкері болып табылса (жұмыс өтілі толық бір жыл есебімен анықталады) - 5 балл, бір жылдан аз болса - 3 балл;
IV талап - отбасында балалардың бар болуы, әрбір бала үшін - 3 балл.
Жоғарыда көрсетілген талаптар бойынша өтініш берушіге баллдарды беру келесі жағдайларда есептеледі:
егер өтініш беруші 2005-2007 жылдарға арналған Мемлекеттік тұрғын-үй құрылысын дамыту бағдарламасына қатысып, бірақ тұрғын үй комиссиясының қорытындысын - 10 баллды алмаса;
өтініш беруші не оның зайыбы болып табылатын әйел жүктілігі жиырма аптадан жоғары болса - 3 балл, «жас отбасы» талабы бойынша - 10 балл;
отбасында 1-інші және 2-інші топтардағы мүгедектер бар болса - тиісті құжаттармен (мүгедектігі туралы анықтама) расталған жағдайда - 3 балл.
Комиссия 2008-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік тұрғын үй құрылысын дамыту бағдарламасын іске асыруға қатысты мәселелермен 2009 жылғы кезең бағдарламасына қатысушылардан өтініштерді ағымдағы жылғы қыркүйектің 15-іне дейін қабылдауға шешім алды.