2008-2015 жылдар аралығында бір жасқа дейінгі баланың күтіміне төленетін жәрдемақы 4,6 есеге артты

«Жүктілік пен босану, жаңа туған нәрестені асырап алуға байланысты кірісінен айырылған жағдайда азаматтарға төленетін әлеуметтік жәрдемақы 2005 жылдан бастап 3,5 есеге өсіп, 50 млрд. 972 млн. теңгені құрады (2005 жылы 14 млрд. 660 млн. болды). 2005-2015 жылдар аралығында жұмыс істеу қабілетінен айырылған жағдайда МӘСҚ-дан төленетін әлеуметтік жәрдемақы 6 млн. теңгеден 7 млрд. 433 млн. теңгеге ұлғайды, асыраушысынан айырылған жағдайдағы төленетін жәрдемақы 4 млн-нан 4 млрд. 840 млн. теңгеге өсті»,-деп атап өтілген ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі мәліметінде.
Естеріңізге сала кетейік, Қазақстандағы міндетті әлеуметтік сақтандыру жұмыс істейтін тұрғындарды әлеуметтік сақтандырудың қосымша формасы ретінде енгізілген. ҚР ДСӘДМ Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіндегі әлеуметтік қатерге тап болған азаматтарға әлеуметтік жәрдемақы мен төлемақылар тағайындайды.