11:20, 25 Ақпан 2009 | GMT +5
2008 жылы Алматыда өндірістік қалдықтар көлемі 237 мың 166 тоннаны құрады
АЛМАТЫ. Ақпанның 25-і. ҚазАқпарат /Ернар Бекен/ – 2008 жылы Алматыда өндірістік қалдықтардың жалпы көлемі 237 мың 116 тоннаны құрады, оның 47 мың 016 тоннасы стационарлы орындардан, соның ішінде Жылу электр орталықтары мен жеке тұрғын үй секторынан шығарылған.
Мұндай мәліметті «Жасыл сақтық» экологиялық қоғамы келтіріп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпаратҚаладағы ауа қабатының ластануына көптеген кәсіпорындардағы өндірістік технологиялардың ескіруі, қолданыстағы шаң-тозаңды тазалау қондырғылар санының аздығы, энергетика саласында сапасы төмен отындарды қолдану секілді жайттар себеп болуда. Соңғы жылдары автокөліктер санының күрт артуы, жиі кездесетін автокөліктер кептелісі ? бұлардың барлығы атмосфера сапасының төмендеуіне себепші негізгі факторлар. Алматы қаласының Табиғи ресурстарды және қоршаған ортаны қорғау басқармасының бастамасымен еліміз бойынша тұңғыш рет ауа қабатының ластану көрсеткіштерін жасау бойынша арнайы жоба әзірленуде. Алматының ауа құрамындағы өзгерістерді бақылауға арналған жоба лас қалдықтардың тасталуын кезең бойынша төмендетуге мүмкіндік бермек.