2008 жылы Елбасының қатысуымен 112 кездесу және іс-шара өтті

АСТАНА. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат – Өткен 2008 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен жалпы алғанда 112 кездесу мен халықаралық мазмұндағы іс-шаралар өтті. Оның ішінде, Елбасы екіжақты қарым-қатынас аясында шетелге 6 іссапарға шығып, 11 көпжақты саммит пен 8 халықаралық форумға қатысты,

2008 жылы Елбасының қатысуымен 112 кездесу және іс-шара өтті
деп хабарлайды ҚазАқпарат ресми бұқаралық ақпарат құралдарына сілтеме жасап. Н.Назарбаев 13 баспасөз мәслихатын және 15 брифинг өткізді, шетелдік және отандық 20 жетекші бұқаралық ақпарат құралына сұхбат берді. Сондай-ақ Елбасы 2700-ден астам құжаттарды қарап, қол қойды, олардың қатарында 102 заң, 215 жарлық, 115 өкім, 22 мәжіліс хаттамалары, 2000-ға тарта қызметтік құжаттар, талдамалық және ақпараттық-анықтамалық материалдар, 84 Алғыс хаттар, азаматтардың 179 арыз-шағымдары бар, соңғы аталғандардың 106-сы бақылауға алынды. Осы кезеңде Мемлекет басшысы 59 күн сапарларда болды, оның 20 күні шет елдерге, 39 күні Қазақстанның өңірлеріне арналды.