2008 жылы қылмыстық заңнамалар күшейтілгеннен бері Қазақстанда нашақорлық жағдай тұрақтана бастады - Ж.Сүлейменов

АСТАНА. Маусымның 24-і. ҚазАқпарат /Гүлмира Әлиакпарова/ - 2008 жылы қылмыстық заңнамалар күшейтілгеннен бері Қазақстанда нашақорлық жағдай тұрақтана бастады.
None
None

Бұл туралы бүгін Астанада «Мемлекеттік органдар мен үкіметтің емес секторлардың нашақорлықтың алдын алу және сауықтыру мәселесіндегі сабақтастығы және өзара әрекет етуі» тақырыбында өткен дөңгелек үстел барысында ҚР ІІМ Есірткі бизнесіне қарсы күрес комитетінің төрағасы Жанат Сүлейменов мәлім етті.

Ж.Сүлейменовтың айтуынша, екі жыл бұрын қазақстандық қылмыстық заңнамалар күшейтілгеннен бері елде нашақорлық жағдай тұрақтана бастаған. Сондай-ақ соңғы жылдары есепте тұрған нашақорлыққа тәуелділердің саны да азая түскен.

«Қазақстанның қылмыстық заңнамасы ТМД елдері ішінде ең қатаң деп саналады. Соның арқасында соңғы жылдары Қазақстанда Ресей мен Орталық Азия елдерінде сияқты нашақорлық жағдай жақсара бастады. Бұл жағдайға Ауғанстанда қолға алынып жатқан шаралар да оң әсерін тигізуде. Ауғанстандағы коалицияға қарсы күштер жасап жатқан әрекеттер мен Ауғанстанға жақын орналасқан елдердің құрған есірткіге қарсы белдеуі нәтижесін беруде», - дейді ол.

Соңғы жаңалықтар