2008 жылы мәдениет саласы желілерінің артуы байқалды ? Статистика агенттігі

АСТАНА. Сәуірдің 24-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - 2008 жылы мәдениет саласы желілерінің артуы және халықтың мәдени нысандарға келуі артып отыр.

2008 жылы мәдениет саласы желілерінің  артуы байқалды ? Статистика агенттігі
Бұл туралы ҚазАқпарат Статистика агенттігінің мәліметтеріне сілтеме жасап хабарлайды. Агенттік деректері бойынша 2008 жылдың соңына таман республикамызда 57 театр қызмет еткен. Бұл көрсеткіш 2007 жылмен салыстырғанда 3,6 пайызға өскендігін көрсетеді. Сонымен бірге, былтырғы жылдың қорытындысы бойынша республикамызда 73 концерттік ұйым, 198 мұражай, 4 мың 71 кітапхана, 66 саябақ, 3 мың 50 клубтар мен 77 кинотеатр халыққа қызмет көрсеткен. Бұл көрсеткіштердің барлығы 2007 жылмен салыстырғанда едәуір алға жылжушылықты көрсетеді. Сонымен бірге, былтыр халықтың мәдени нысандарға келуі де біршама өскен. Мәселен, 2007 жылы жұртшылықтың кітапханаға баруы 38 мың 927 адамды құраса, былтыр 40 мың 319-ға жеткен. Ал, халықтың кинотеатрларға баруы 2007 жылы 6 мың 400 адам болса, 2008 жылы 7 мың 23 адамға көбейген.