2008 жылы өткізілген электронды мемлекеттік сатып алулардан 46 млн. теңге мемлекет қаржысы үнемделді

АСТАНА. Қаңтардың 14-і. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - 2008 жылы өткізілген электронды мемлекеттік сатып алулардың қорытындысы бойынша, 46 млн. теңге мемлекет қаржысын үнемдеуге қол жеткізілді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «2008 жылы Қаржы министрлігінің баға ұсыныстарына сұрау салу тәсілімен өткізілген электронды мемлекеттік сатып алулардың қорытындысы бойынша, электронды сауда-саттық алаңында 1347 жарнама орналастырылып, 575 келісім-шарттарға қол қойылды. Бұл келсім-шарттар бойынша болжанған бюджет сомасының 21, 8 пайызын немесе шамамен 46 млн. теңгені үнемдеуге қол жеткізілді», деді бүгін Астанада Премьер-Министр Кәрім Мәсімовке электронды мемлекеттік сатып алулардың ақпараттық жүйесін таныстыру кезінде Қаржы министрлігінің Электронды коммерция орталығының бас директоры Сұлтанжан Ахметов.Оның сөзіне қарағанда, электронды мемлекеттік сатып алулар жүйесінің елімізге тигізетін әлеуметтік-экономикалық әсері зор. «Мемлекет пен жеке сектор серіктестігі» қазақстандық орталығының бағалауы бойынша, жоба егер үнем деңгейі жоғарыда айтылған 20 немесе 25 пайыз емес, небәрі 1,77 пайызды құраған күннің өзінде де тиімді болып табылады. Сонымен бір мезгілде, әлемдік тәжірибе электронды мемлекеттік сатып алу жүйесін енгізуден үнем рынок бойынша орта есеппен шамамен 15 пайызды құрайтынын көрсетіп отыр», деді С. Ахметов. Оның айтуынша, аталмыш жүйені іске асыру арқылы 2009 жылы мемлекет мұқтаждығы үшін тауарлар, жұмыстар мен қызмет көрсетулерді сатып алуға жұмсалатын бюджет шығындарын төмендетуге, мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру мен орналастыруда біртұтас тәртіпті орнатуға, сондай-ақ мемлекеттік сатып алуларды өткізуге арналған шығындарды азайтуға қол жеткізу көзделіп отыр. «Біздің бағалауымыз бойынша, сатып алуларды өткізуге арналған уақыт шығындары кем дегенде 4-5 есеге қысқарады. Жеткізушілер арасында тең жағдайды қалыптастыру, жинақталған ақпараттарға жылдам қол жеткізуді ұйымдастыру және бәсекелістік алаңды кеңейту де күтіліп отырған нәтижелер», деді ол.
Соңғы жаңалықтар