08:39, 05 Ақпан 2009 | GMT +5
2008 жылы Өзбекстанда инфляция деңгейі 7,8 пайызды құрады
ТАШКЕНТ. Ақпанның 5-і. ҚазАқпарат /Расул Бахамов/ – Өзбекстанда елдің 2008 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуының кейбір қорытындылары шығарылды.

Атап айтқанда, Мемлекеттік статистика комитетінің мәліметтері бойынша, өткен жылы елдің жалпы ішкі өнімі 2007 жылмен салыстырғанда 9 пайызға өсіп, ал инфляция 7,8 пайызды құраған. Былтыр жалпы ішкі өнімнің нақты өсуі 9 пайызды құраған, ал болжам бойынша ? 8 пайыз болады деп күтілген. Дегенмен, мамандар 2007 жылы бұл көрсеткіштің 9,5 пайыз болғанын айтып отыр. Ал өнеркәсіптік өндірістің өсуі 2008 жылы 12,7 пайызды, ауыл шаруашылығы өндірісінің өсуі ? 4,5 пайызды құраған. 2007 жылы бұл көрсеткіштер, сәйкесінше, 12,1 және 6,1 пайызда болған. 2008 жылы көрсетілген қызметтердің көлемі 21,3 пайызға өскен, жалпы ішкі өнімдегі бұл саланың үлесі - 45,3 пайызды құрап отыр. Отын саласындағы өсу қарқыны ? 23,9 пайызды құраса, машина жасау саласында ? 23,5 пайызды, ағаш өңдеу және целлюлоза өнеркәсібінде ? 19,8 пайызды, тамақ өнеркәсібінде ? 28,2 пайызды, құрылыс материалдарының өндірісінде - 9,8 пайызды құраған. Тұтыну тауарларын шығару көрсеткіші 17,7 пайызға артқан, оның ішінде азық-түлік тауарларын өндіру ? 19,3 пайызға, азық-түліктік емес тауарларды өндіру ? 16,6 пайызға өскен. Егін шаруашылығының үлесі- 2,8 пайызға, ал мал шаруашылығы өнімдерінің үлесі ? 6,7 пайызға өсіп отыр. Былтыр Өзбекстанда 6,7 миллион тонна астық және 3,4 миллион тонна мақта жиналған, 2007 жылғы бұл көрсеткіштер сәйкесінше, 6,8 миллион тонна мен 3,7 миллион тоннаны құраған. Игерілген инвестициялардың жалпы көлемі былтыр сондай-ақ, 2007 жылмен салыстырғанда, 28,3 пайызға артып, 8,48 триллион сумды құраған. Экспорт 28,7 пайызға өскен, ал жалпы ішкі өнімдегі сыртқы сауда тауар айналымының үлесі 69,2 пайызды құраған.