2008 жылы рыноктарда үстем дәрежеге ие субьектілердің бағаны көтеру туралы 131 өтініші қанағаттандырылмады - Н. Алдабергенов

АСТАНА. Қаңтардың 16-сы. ҚазАқпарат /Ернұр Ақанбай/ - Табиғи монополияларды реттеу агенттігі 2008 жылы рыноктарда үстем дәрежеге ие субьектілердің бағаны көтеру туралы 131 өтінішін қабылдамай тастады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Агенттік реттейтін тиісті тауар рыноктарында үстем дәрежеге ие субьектілер 2008 жылы бағаны көтеру туралы 188 өтініш берді. Бұл ретте олардың негізсіздігіне байланысты 131 өтініш бойынша бағаны көтеруден бас тартылды, 55-і келісілді», деді бүгін аталмыш агенттіктің кеңейтілген алқа мәжілісінде ведомство басшысы Нұрлан Алдабергенов. Оның айтуынша, экономиканың реттелмейтін секторларындағы бағаның, сондай-ақ стратегиялық тауарлар бағасының өсімі, инфляциялық үдерістер және инвестициялық жобаларды іске асыру реттелетін қызметтер тарифтерінің көтерілуінің негізгі себептерінің бірі болып табылады. «Сондай-ақ, табиғи монополиялар субьектілеріндегі өндірістік қорлардың сын көтермейтін жағдайы да тарифтер өсімінің тағы бір себебі. Көптеген субьектілердегі өндірістік қорлардың әбден тозығы жеткен», деді Агенттік төрағасы.
Соңғы жаңалықтар