2008 жылы жан басына шаққандағы ЖІӨ деңгейі 6,8 есеге өсті
АСТАНА. Мамырдың 15-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ -2000 жылмен салыстырғанда 2008 жылы жан басына шаққандағы жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) деңгейі 6,8 есеге өсіп, 1 млн. теңгеге жетті.
Бұл туралы бүгін Астанада Тәуелсіздік сарайында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өтіп жатқан «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясының кезектен тыс ХІІ съезінде Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Кез келген елдің дамуындағы негізгі көрсеткіші - жан басына шаққандағы ЖІӨ деңгейі. Атап айтқанда ЖІӨ Қазақстанда 2008 жылдың соңында 2000 жылмен салыстырғанда 6,8 есеге өсіп, 1 млн. теңгеге жетті. Егер 1998 жылы бұл көрсеткіш бойынша біздің еліміз әлемде 100-ші орында болса, ал 2008 жылы 63-інші орынға көтеріліп, Аргентина, Бразилия, Ресей елдерімен қатарласты», деді К. Мәсімов.