2009-2011 жылдарға арналған «Астана ? есірткісіз қала» жаңа аймақтық бағдарлама аясында бірлескен іс-қимыл жоспары әзірленді ? А.Байділдаев

АСТАНА. Қаңтардың 27-сі. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - 2008 жылы желтоқсанның 18-і күні Астана қаласының мәслихаты 2009-2011 жылдарға арналған «Астана – есірткісіз қала» жаңа аймақтық бағдарламасын қабылдады. Осыған орай ішкі істер органдарымен бірлескен іс-қимыл жоспары әзірленді.
None
None
Бұл туралы бүгін елордада өткен баспасөз мәслихатында Астана қаласы Ішкі істер департаментінің Есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының бастығы Аясын Байділдаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның сөзіне қарағанда, аталған бағдарлама аясында Ішкі істер департаментінің құрылымдары ? криминалды, жол және көші-қон полиция қызметтерімен бірлескен іс-шараларды жүргізу жоспарланып отыр. Сондай-ақ ортақ іс-қимыл жоспары бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті, кеден және қылмыстық атқару жүйесі органдарымен бірлесіп қызмет атқару көзделген. «Бүгінгі жаңа бағдарлама бұрынғы «Астана ? есірткісіз қала» жобасының заңды жалғасы болса керек», - дейді А.Байділдаев.
Соңғы жаңалықтар